Қазақстан шетелдіктерге банк картасын жасатудың мерзімін шектеді

695 мыңға жуық ресейлік Қазақстанның банк картасын алған

Malim Админ

  • 15.01.2025

Қазақстан билігі шетелдіктерге 12 айдан ұзақ мерзімге банк карталарын беруді тоқтатты. Бұл шектеу инвесторларға, кәсіпкерлерге және дипломаттарға қатысты емес және бұрын шығарылған карталарға да әсер етпейді. Қазақстанның бұл қадамына «Голос Америки» назар аударды.

Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі түсіндіргендей, бұл шара «нашақорлық пен цифрлық активтерді заңсыз айналымға салу саласындағы қауіптерді азайту» мақсатында қабылданған.

Қазақстан – Ресей Украинаға басып кіріп, Владимир Путиннің ішінара мобилизация жариялағаннан кейін елін тастап кеткен ресейлік жастар ағылған негізгі елдің бірі болды.

Қазақстан үкіметінің мәліметінше, 2022 жылдан 2024 жылға дейін 695 мыңға жуық ресейлік жергілікті банк карталарын жасатқан, ал Қазақстанның ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша, 2024 жылы 233 мың ресейлік Қазақстанның мемлекеттік идентификациялау нөмірін алған. Қазақстанда тұратын ресейліктердің нақты саны белгісіз.

Фото: Жансерік Күзембай/Malim.kz

Байланысты жаналықтар

«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

11.04.2025

Жаңа заң: енді кімге несие алуға тыйым салынады

09.04.2025

Қазақстанда 9 банк жабылуы мүмкін

01.04.2025

Көбі Қытайдан келген: Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейді?

27.03.2025
MalimBlocks
«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

Полиция Қазақстанда көлік тізгіндегендерге қатысты жас шектеуі мен тыйымдар туралы айтты

Жаңа заң: енді кімге несие алуға тыйым салынады

Қазақстанда 9 банк жабылуы мүмкін

Қазақстанда екінші деңгейлі тоғыз банк таратылуы мүмкін

Көбі Қытайдан келген: Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанға шетелден келген жұмысшылар статистикасын ұсынды