Қазақстандықтар өрттен зардап шеккендерге Kaspi.kz-пен бірге 200 млн теңге жинады

Kaspi.kz ниет білдіргендердің барлығы өрттен зардап шеккендерге көмектесе алуы үшін Ұлттық волонтерлік желімен бірге онлайн, мобильді қосымша арқылы тез арада қаражат жинауға мүмкіндік жасады.

  • 15.06.2023

Бес күнде қазақстандықтар Абай облысының тұрғындары үшін 165 миллион теңге жинады. Kaspi.kz өз тарапынан өрттен зардап шеккендер үшін 35 миллион теңге қосып, соманы 200 миллион теңгеге дейін ұлғайтты.

Татьяна Миронюк, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры:

«Біз мұндай үлкен резонансты күткен де жоқпыз. Қайырымдылық көлемі әртүрлі болды. Біреу «Ұлымнан» деп 50 теңге аударса, біреу қомақты сома жіберген. Қаражаттың бір бөлігін өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды қолдауға, азық-түлік пен қажетті заттарды сатып алуға бөлеміз. Тағы бір бөлігі – зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетуге. Қалған сомаға жәбірленушілердің кәмелетке толмаған балаларына депозит ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл сегіз бала кәмелетке толған соң ақшаны оқуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе басқа да маңызды мақсаттарға жұмсай алады. Үн қосып, көмектескендердің барлығына рахмет!»

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі:

«Қиындыққа тап болған адамдарды қолдау туралы шешім қабылдаған барлық сүйікті, қамқор клиенттерімізге рахмет. Kaspi қиын жағдайда қазақстандықтарға әрқашан көмектеседі және шетте қалмайды. Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз және өрт салдарынан зардап шеккендердің барлығының қайғысына ортақпыз».

Байланысты жаналықтар

Kaspi.kz-те жәрдемақы, жұмыссыздық төлемдеріне өтініш беруге болады

27.11.2023

Балаға арналған Kaspi Gold-ты қамқоршылары да аша алады

19.09.2023

Енді Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады

06.06.2023

Kaspi.kz E+Awards халықаралық маркетинг байқауында гран-при мен екі «алтын» жүлдеге ие болды

04.05.2023

Kaspi.kz тур таңдап, сатып алуға болатын сервисті іске қосты

11.04.2023

Баланың туу туралы куәлігін енді Kaspi.kz қосымшасынан алуға болады

13.10.2022
MalimBlocks
Kaspi.kz-те жәрдемақы, жұмыссыздық төлемдеріне өтініш беруге болады

Енді Kaspi.kz-те көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы мен жұмыссыздық бойынша төлемдерге өтініш беруге болады

Балаға арналған Kaspi Gold-ты қамқоршылары да аша алады

Қорғаншылар мен қамқоршылар өз қамқорлығындағы балаға Kaspi Gold аша алады.

Енді Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады

Kaspi.kz ІІМ Көші-қон қызметі комитетімен, Әділет министрлігімен, Цифрландыру министрлігімен, АӨО РМК және ҰАТ АҚ-пен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты.

Kaspi.kz E+Awards халықаралық маркетинг байқауында гран-при мен екі «алтын» жүлдеге ие болды

Орталық Азияда алғаш рет ең тиімді жарнамалық науқандар, маркетингтік және коммуникациялық шешімдерге арналған E+Awards халықаралық байқауы өтті.

Kaspi.kz тур таңдап, сатып алуға болатын сервисті іске қосты

Kaspi.kz саяхатқа шыққанды ұнататындар үшін жаңа сервисті қосты. Енді Kaspi Travel бөлімінде ұнаған турды таңдап, сатып алуға болады.

Баланың туу туралы куәлігін енді Kaspi.kz қосымшасынан алуға болады

Kaspi.kz Әділет министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-пен бірлесе отырып, жаңа сервисті іске қосты.