Роман Скляр ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамту бойынша кеңес өткізді

Оңтүстік өңірлерде АИ-92, АИ-95 бензинін және дизель отынын тұтыну айтарлықтай өскен

Malim Админ

  • 10.09.2024

9 қыркүйекте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті. 


Жанар-жағармай нарығындағы биылғы жағдай бойынша, еліміздің оңтүстік өңірлерінде АИ-92, АИ-95 бензинін және дизель отынын тұтыну айтарлықтай өскен. 

Бұған негізгі себеп болып отырған жағдайлар – көрші елдермен салыстырғанда, Қазақстандағы баға айырмашылығына байланысты мұнай өнімдерінің сыртқа кетуі және «сұр экспорт».

Бұдан бөлек, соңғы уақытта шекарада сұранысқа ие мұнай өнімдерінің «бүркеншік тауарлар» ретінде экспортталғаны тіркелген.

Ішкі нарықта тапшылықты болдырмау мақсатында ҚМА, ҰҚК ШҚ, ҚМ МКК және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шекаралық өткелдерде ЖЖМ әкетуді бақылауды күшейту тапсырылды.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Энергетика министрлігіне экспорттауға рұқсат етілген мұнай өнімдерінің тізімін жаңартуды және отандық мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерінің тұрақты өндірісін қамтамасыз етуді тапсырды.

Фото: primeminister.kz 

Байланысты жаналықтар

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

12.05.2025

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

10.05.2025

Чехия Ресей мұнайынан толықтай тәуелсіз болғанын жариялады

17.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

11.04.2025

Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

07.04.2025
MalimBlocks
Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

АҚШ, Бразилия, Иран сияқты елдер өндірісті ұлғайтып отыр

Чехия Ресей мұнайынан толықтай тәуелсіз болғанын жариялады

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 63 долларға дейін түсті

Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылғы сәуірден бері алғаш рет 64 доллардан арзандады