freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елдос Сметов Париж Олимпиадасынан кейін алғаш рет турнирге қатысады

Спорт
Елдос Сметов Париж Олимпиадасынан кейін алғаш рет турнирге қатысады
gettyimages.com

Елдос Сметов екі жылдық үзілістен кейін ресми турнирге қатысады.Ол  Қытайда өтетін Гран-при турниріне арналған Қазақстан құрамасының тізіміне енді, деп хабарлайды Malim.kz.

Халықаралық дзюдо федерациясы Циндао қаласында өтетін Гран-при турниріне қатысатын спортшылардың тізімін ұсынған болатын. Қазақстан құрамасы сапында 21 дзюдошы бар. Олардың қатарында 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов сынға түсетіні белгілі болды. 

Қазақстандық спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдеседі. Бұл дзюдошының Олимпиада финалынан кейінгі алғашқы ресми жарысы болмақ. Сметов соңғы рет 2024 жылдың 27-ші шілдесі күні Париж Олимпиадасының финалында топ жарған еді. 

Кейін спортшы иығына ота жасатып, ұзақ уақыт бойы оңалту курсынан өтті. Сонымен қатар, наурыз айының ортасында Елдостың жақын досы Ғұсман Қырғызбаев оның тағы бір операция өткергенін айтқан болатын. Қазіргі таңда Елдос Сметов ұлттық құрамамен бірге Испанияда оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Бұдан бөлек, 60 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан Талғат Орынбасар да бақ сынайды.

Циндаодағы Гран-при турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы:

Ерлер:
60 кг - Елдос Сметов, Талғат Орынбасар
66 кг - Ғұсман Қырғызбаев
73 кг - Бақытжан Абдурахманов, Ерсұлтан Дүйсенхан
81 кг - Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
90 кг - Айдар Арапов, Даниил Крылов
100 кг - Асқар Біржанов, Бақжан Байтас

Әйелдер:
48 кг - Абиба Әбужақынова
52 кг - Меруерт Сәрсенова
57 кг - Бақыт Құсақбаева
63 кг - Эсмигүл Құйылова
70 кг - Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова
78 кг - Аруна Жангелдина, Екатерина Токарева
+78 кг - Аида Тойшыбекова, Назгүл Маратова

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу