Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Еліміз көктемде 11 млрд текше метр су алатын болды

Экология
Еліміз көктемде 11 млрд текше метр су алатын болды

Қазақстан Орталық Азия елдерімен келісімдер нәтижесінде сәуірге дейін 11 млрд текше метр су алады, деп хабарлайды Malim.kz.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов осы жөнінде келісімге келді. 

Душанбе қаласында Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 88-ші отырысы өтті. Тараптар Сырдария және Әмудария өзендері бассейндерінде вегетация аралық кезеңнің өту барысын қарастырды. 

Айта кетейік, келісілген су көлемі Сырдария өзені арқылы Түркістан облысының Шардара су қоймасына келеді. Оның ішінде 1,6 млрд текше метр су Арал теңізіне жіберіледі.

Бұл биыл суару кезеңі үшін қажет су көлемін жинауға, сондай-ақ, Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы экожүйені сақтау іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Еліміздің оңтүстігіндегі жағдай батыс пен солтүстіктен өзгеше екенін атап өтемін. Мұнда үлкен көлемдегі су тасқыны болған жоқ. Ал жазда суармалы суға деген сұраныс өте жоғары. Сондықтан да біз оңтүстікті сумен қамтамасыз ету бойынша мүлдем басқа жұмыс жүргізіп жатырмыз. Су дипломатиясы – біздің министрлік жұмысының маңызды бағыты. Осы келіссөздердің нәтижесінде өткен жылы еліміздің оңтүстігін сумен тұрақты қамтамасыз еттік. Біз су бөлу және трансшекаралық су нысандарын қорғау жөніндегі барлық мәселелерді Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімізбен бірлесе отырып шешеміз, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу