freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізде қандай өңірлерде қуаңшылық болуы мүмкін?

Қоғам
Елімізде қандай өңірлерде қуаңшылық болуы мүмкін?
Ашық дереккөзден

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде биыл қуаңшылық қаупі бары белгілі болды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің айтуынша, көктемгі дала жұмыстары кезінде топырақтағы ылғал деңгейі жалпы алғанда қолайлы. Алайда ауа температурасының жоғарылауына байланысты жердің жыртылатын жоғарғы қабаты тез кебуі мүмкін.

«Ауа температурасының көтерілуіне байланысты топырақтың үстіңгі қабаты тез құрғап кету қаупі бар. Осыған байланысты кейбір аудандарда ылғал тапшылығы байқалуы мүмкін. Атап айтқанда, Шалқар ауданы жайылымдарында және Қордай ауданы аумағында қуаңшылық болуы ықтимал», - деді министр.

Сонымен қатар ведомство басшысы маусым айында елдің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болатынын айтты.

Ал астық егілетін өңірлердің көпшілігінде жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады деп болжануда. Дегенмен, елдің орталық және оңтүстік-батыс бөлігінде жауын-шашын тапшылығы болуы мүмкін.

Министрдің мәліметінше, қуаңшылық қаупі Ұлытау облысы, Ақтөбе облысы, Қостанай облысының оңтүстік бөлігі, Түркістан облысының солтүстігі және Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында сақталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу