Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді Қытаймен арадағы шекараны жаяу кесіп өтуге болады

Экономика
Енді Қытаймен арадағы шекараны жаяу кесіп өтуге болады

Енді Абай облысындағы «Бақты» шекара заставасы арқылы Қытаймен шекарадан жаяу өтуге болады. Бұл екі ел арасындағы байланысты нығайтып, екі елдің туристеріне қолайлы жағдай туғызып қана қоймай, тауар айналымын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Бақты» бекетіндегі терминалдарды жаңғырту жұмыстары аяқталғанша, туристер шекарадан қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіппен өтеді.

Сондай-ақ, жолаушыларға айына бір рет 25 келіге дейін жүк алып жүруге рұқсат етілген. Айта кетейік, шекарадан халықаралық жолаушылар тасымалына арнайы рұқсаты бар көліктерде ғана өте алады.

Ашылу салтанатына Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин, Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Абай облысы бойынша басшысы полковник Асхат Ахметов қатысты.

Қытай тарапынан шараға Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының ресми өкілдері келді. Бұрын хабарланғандай, Қазақстан мен ШҰАР тауар айналымын екі есеге арттыруға ниетті.

Фото: Абай облысының әкімдігі
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу