Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді жеке деректерді таратқандар қатаң жазаланады

Құқық
Енді жеке деректерді таратқандар қатаң жазаланады
istockphoto.com

Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин дербес деректердің жаппай тарап кетуіне байланысты қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылып отырғанын мәлімдеді.

NEGE.kz жазуынша бұған қоса Қазақстанда азаматтардың жеке деректерін қорғау бойынша қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік айыппұлдарды көбейту жоспарланып отыр.

«Азаматтардың жеке өмірге қол сұғылмаушылық және жеке ақпаратты қорғау жөніндегі конституциялық құқықтарын іске асыра отырып, біз цифрлық деректердің кез келген тарапқа кетуіне және осы салада "нөлдік төзімділік" саясатына көшеміз. Осы мақсатта біз қауіпсіздік талаптарын орындамағандарға әкімшілік айыппұлдардың шегін бірнеше есе арттырып, 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін жеткіземіз.

Бұдан бөлек дербес деректер жаппай тарап кеткендіктен қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынамыз», – деп мәлімдеді Ростислав Коняшкин.

Вице-министр цифрлық трансформация азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі керек екенін және жеке ақпаратқа жауапсыз қарау фактісі заңға сәйкес жазалануы керек екенін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу