freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Есімі елге танымал аты шулы миллиардердің бұрынғы әйелі өз-өзіне қол жұмсады (ФОТО)

Әлем
Есімі елге танымал аты шулы миллиардердің бұрынғы әйелі өз-өзіне қол жұмсады (ФОТО)
ашық дереккөзден

Ресейлік миллиардер Александр Галицкийдің бұрынғы жұбайы Алия Галицкая уақытша ұстау изоляторының (ИВС) камерасында өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Malim.kz.

Baza Telegram арнасының мәліметінше, Алия Галицкая өткен жұма күні бұрынғы күйеуінен ақша бопсалады деген күдікпен ұсталған. Ол Мәскеу облысында қамауға алынған. Тергеу дерегіне сәйкес, күдікті экс-жұбайымен кездесулер кезінде және телефон арқылы 150 миллион АҚШ долларын (шамамен 72 млрд теңге) талап етіп, компромат жариялаймын деп қорқытқан.

Бұған дейін Алия Галицкая ортақ мүлікті бөлу жөнінде сотқа талап арыз берген. Аталған іс аясында Александр Галицкийдің 435 миллион рубль (шамамен 2,7 млрд теңге) көлеміндегі мүлкіне тыйым салынған. Олардың қатарында Патриаршие прудыларындағы пәтер, екі автотұрақ орны, қала сыртындағы үй және "Тургенев" клубтық кешеніндегі апартаменттер бар.

Сот Алия Галицкаяны екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарғанымен, ол тергеу изоляторына жеткізілмеген. Мәліметке сәйкес, күдікті уақытша ұстау изоляторында өз-өзіне қол жұмсаған.

Айта кетейік, Александр Галицкий – Шығыс Еуропа мен Батыс елдеріндегі ең ықпалды венчурлық инвесторлардың бірі. Ол жоғары технологиялар саласының "архитекторы" ретінде танылып, оның қорларының басқаруында жүздеген миллион долларлық активтер бар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу