Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Есірткі сақтады делінген қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

Құқық
Есірткі сақтады делінген қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

Психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында сақтаған күдікті Түркиядан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. 


Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Түркиядан аса ірi мөлшерде психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.

"Астанада 2022 жылдың желтоқсанында полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында одан 17 қапшықша аса ірі көлемде меткатинон тәркіледі. Қылмыс жасағаннан кейін күдіктінің жасырынуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды", - делінген хабарламада.

Биылғы қазанда күдікті Антальяда ұсталып, кейін Қазақстан Республикасына экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.

Фото: Видеодан скрин 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу