freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ескі 10 000 теңге банкноттарын әлі пайдалануға болады – Ұлттық банк

Қоғам
Ескі 10 000 теңге банкноттарын әлі пайдалануға болады – Ұлттық банк
Фото: pixabay.com

Қазақстан Ұлттық банкі 10 000 теңгелік ескі банкноттарды параллельді айналымда қолдану мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық банк мәліметінше, оларды 2027 жылдың маусымына дейін пайдалануға болады және бұл шешім Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ұсыныстарын ескере отырып қабылданған. Оған сәйкес, ескі үлгідегі банкноттарды қосымша бір жыл бойы есеп айырысу үшін пайдалану мүмкіндігі сақталады және оларды жаңа үлгідегі банкноттармен кезең-кезеңімен ауыстыру жоспарланған.

Ұлттық банк «Сақ стилі» жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығару жұмысын жалғастырып отыр. Бұл механизм ескі үлгідегі банкноттарды жаңа банкноттармен біртіндеп ауыстыруға мүмкіндік береді.

«Параллельді айналым мерзімі аяқталғаннан кейін барлық банктер мен «Қазпошта» АҚ ескі үлгідегі банкноттарды жаңа үлгідегі банкноттарға үш жыл бойы айырбастауды жүзеге асырады, ал Ұлттық банктің филиалдары бұл айырбастауды шексіз жүргізеді», – деп хабарлады Ұлттық банк.

Сонымен қатар, банк ескі және жаңа үлгідегі банкноттар параллельді айналым кезеңінде заңды төлем құралы болып табылатынын, Қазақстан аумағында барлық төлемдер мен аударымдарда, сондай-ақ банк шоттарына есепке алу кезінде олардың номиналы бойынша міндетті түрде қабылданатынын еске салды.

Бұған дейін Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов журналистердің сұрақтарына жауап берген кезде, 10 000 теңгелік ескі банкноттарды қолдану мерзімін тағы бір жылға ұзарту жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді.

2025 жылдың 25 желтоқсанында Ұлттық банк 500 теңгелік жаңа үлгідегі банкноттарды айналымға шығару туралы хабарлаған. Дегенмен, бұл банкноттар елдің барлық өңірлеріне жеткізілу және банкоматтар, терминалдар мен басқа да кассалық техниканы бейімдеу үшін 2026 жылдың екінші тоқсанында көпшілік айналымға түседі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу