freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Филиппинде көпқабатты ғимарат құлап, адам өлімі тіркелді

Оқиға
Филиппинде көпқабатты ғимарат құлап, адам өлімі тіркелді
ALJazeera

Филиппиннің Анхелес қаласында құрылысы жүріп жатқан көпқабатты ғимарат құлады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақпараттың жазуынша, қазіргі таңда үш адамның мерт болғаны белгілі. Тағы 17 адам із-түзсіз кеткендер қатарына қосылған. Құтқарушылар өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Кез-келген уақытта ғимараттың қалған бөліктері құлауы мүмкін. Сол себепті мамандар жұмыстың көбін қолмен атқарып жатыр.

Тепловизорлардың көмегімен қирандылар астында адамдар жатқаны белгілі болды. Соған қарай іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Билік нысан иесін анықтап, апаттың шығу себептерін тексеруге кірісті. Ал құрылысшылардың туыстары жедел ақпарат беруді талап етіп отыр. Алайда құтқарушылардың қауіпсіздігіне төнген қатер іздеу жұмыстарын баяулатып отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу