Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Генерал Мәсімовтың байқауы

Спорт
Генерал Мәсімовтың байқауы

Кәрім МӘСІМОВ басқаратын Ұлттық қауіпсіздік комитеті биыл шекарашылар күнін суретшілерді марапаттап атап өтпекші.

ҰҚК Шекара қызметі «Отан шекарадан басталады» тақырыбына ең үздік эскиздік мурал жобасына конкурс жариялайды.

«Жұмыстың тақырыпқа сай болуы, креативтілігі, көркемдік мақсатқа сәйкестігі, жаңашылдығы, сабақтастық пен шекараның қазіргі заманғы сипаты. Конкурс жеңімпазын 2020 жылғы 1 шілдеде «Жасыл фуражка күнінде» жариялаймыз», - делінген хабарламада.

«Мурал» сөзі ағылшын тілінен аударғанда – «қабырғадағы сурет» деген мағына береді. Яғни байқауға қатысушылар тұтас қабырғаға лайықталған дүниені ұсынулары қажет. Байқау шартына сай жеңімпаздың суреті суреті 18 тамыз күні Шекара қызметінің құрылған күніне орай Шекара қызметі ғимаратының қабырғасында көпшілікке ұсынылатын болады екен.

Алайда, суретшілер арасында байқау жариялап отырған ҰҚК-ті бәйгеге не тігілгенін жарияламапты. Қызметтеріне сай көп дүниені құпия сақтайтын ведомство кәсіби әдетке салып жүлде қорын жасырып қалған шығар.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу