Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ғұсман Қырғызбаев Елдос Сметовпен бесік құда екенін айтты

Спорт
Ғұсман Қырғызбаев Елдос Сметовпен бесік құда екенін айтты

Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында дзюдодан қола медаль жеңіп алған Ғұсман Қырғызбаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметов екеуі бір-біріне бесік құда екенін айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

Елдос екеуміз бір-бірімізге құдамыз. Бір күні Елдос әйел-баласымен үйіме қыдырып келді. Әңгіме арасында Елдос маған «екеуміз қаншама уақыттан бері бірге күресіп, бірге келе жатырмыз. Қайда барсақ та бірге барамыз. Оқу-жаттығу жиындарына да, жарыстарға да бірге аттанамыз. Арамыздан қыл өтпестей доспыз.

Бірдеңе айтсам ренжіп қалмайсың ба» деді. Көңілімде ештеңе жоқ, берден «айта бер, ренжімеймін» дедім. «Екеуміздің достығымыз мәңгілік болсын. Сенде қыз бар, менде ұл бар. Сенің қызыңа ұлымды қазақы дәстүрмен атастырғым келіп отыр. Бүгінгі достар болашақта құда-құдағи болайық» деді. Ауызым ашылып, көзім бақырайып тұрып қалдым. Ол маған «сол күнге жеткізсін демейсің ба? Мен сырғамды алып келдім» деп қызыма сырға тақты. Осылай екеуміз қазір бір-бірімізді көрсек «құдеке» деп сөйлесеміз», — деді Ғұсман Қырғызбаев.

Еске сала кетейік, кеше Қырғызбаев Париж Олимпиадасында 66 келі салмақта қола медаль жеңіп алған болатын.

Фото: olimpic.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу