Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи елдегі жаппай наразылықтарға АҚШ президенті Дональд Трамп жауапты деп мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Тегеранда өз жақтастарына жасаған үндеуінде ол Трамптың оқиғаларға жеке өзі араласып, наразылық білдірушілерді акцияларды жалғастыруға және қорықпауға итермелегенін айтты.
Хаменеи сөзінше, АҚШ «қаза тапқандар, келтірілген зиян және иран халқына жабылған жала үшін» жауапкершілік көтеруі тиіс. Бұл туралы мемлекеттік Iribnews агенттігі хабарлады.
Наразылық желтоқсан айының соңында ауыр экономикалық дағдарыс пен жоғары инфляция аясында басталған. Алайда олар тез арада саяси сипат алып, Иран тұрғындарының авторитарлық билікке және елдегі демократиялық еркіндіктің жоқтығына наразылығын білдіре бастады. Қауіпсіздік күштері қатаң әрекет етті: құқық қорғау ұйымдарының деректеріне сәйкес, қаза тапқандар саны 3 400 адамнан асты. Алайда ақпаратқа қолжетімділіктің шектелуіне байланысты нақты санды анықтау қиын.