freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иранның Жоғарғы көшбасшысы ретінде Әли Хаменейдің ұлы таңдалды

Әлем
Иранның Жоғарғы көшбасшысы ретінде Әли Хаменейдің ұлы таңдалды
Morteza Nikoubazl/NurPhoto via Getty Images

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы болып қаза тапқан аятолла Әли Хаменейдің 56 жастағы ұлы Моджтаба Хаменей таңдалған. Мұндай шешімді шиит дінбасыларының жоғары өкілдерінен құралған 88 мүшелі Сарапшылар кеңесі қабылдаған, деп хабарлайды Malim.kz DW агенттігінің дереккөздеріне сілтеп. 

Алайда бұл ақпаратты Иран билігі мен мемлекеттік БАҚ әзірге ресми түрде растаған жоқ. Дереккөздердің айтуынша, шешім Ислам революциясы сақшылар корпусының қысымымен қабылдануы мүмкін.

Әли Хаменей қаза тапқаннан кейін елді уақытша үш адамнан тұратын алқалы кеңес басқарып отыр. Оның құрамына президент Масуд Пезешкиан, сот билігінің басшысы Голям Хосейн Мохсени-Эджеи және Конституцияны қорғау кеңесінің мүшесі аятолла Алиреза Арафи кіреді.

Аятолла Әли Хаменей Иранды 1989 жылдан бері басқарып келген және елдің саяси жүйесіндегі негізгі тұлғалардың бірі саналды. Ол 28 ақпанда басталған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы кезінде қаза тапты.

.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу