Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ішіп алып ұратын": Құлдықта болған қос қыздың қамқоршысы туралы сұмдық дерек шықты (ВИДЕО)

Қоғам
"Ішіп алып ұратын": Құлдықта болған қос қыздың қамқоршысы туралы сұмдық дерек шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал журналист Руслан Өтепбай құлдықта болған апалы-сіңілі Құндыз бен Назгүлді асырап отырған Зүлфия Төленованың балаларға күш көрсетіп жатқан сәті бейнеленген видеоны жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бейнежазбада әйелдің қарамағындағы балаларды балағаттап, бірнеше рет қол көтергені анық көрінеді. Осы жағдайға байланысты Руслан Өтепбай Зүлфия Төленовамен сұхбаттасып, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.

Журналистің айтуынша, жәбір көргендер қатарында тек Құндыз бен Назгүл ғана емес, басқа да асыранды балалар бар.

"Бәрі белгілі болды. Қиналып жүрген тек Құндыз бен Назгүл ғана емес екен. Желтоқсан айының 29-ы күні Зүлфия Төленованың үстінен ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Арызданушылар – асыранды балалары. Балалардың айтуынша, Зүлфия Төленова ішімдік ішіп алып, олардың мазасын алып, бірнеше рет қол көтерген. Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, заң аясында жауапқа тартылады. Бұл істі Жамбыл облысының полиция департаменті соңына дейін жеткізеді деп сенім білдіреміз", – делінген журналисттің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу