freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Итті аяусыз соққыға жыққан атыраулық әйел 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

Қоғам
Итті аяусыз соққыға жыққан атыраулық әйел 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

Атырауда итке қатыгездік көрсеткен әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот мәліметінше, айыпталушы масаң күйде өз үйінің ауласында итті күрекпен бірнеше рет ұрған. Соның салдарынан жануардың денесінде гематома, жұмсақ тіндердің ісінуі және басқа да жарақаттар анықталған.

Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, жазаны жеңілдетуді сұраған. Істі қарау барысында оның материалдық жағдайы мен кәмелетке толмаған баласының бар екені ескерілді. Нәтижесінде әйел 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

Еске салайық, бұл оқиға 31 наурызда болған. Итке қатыгездік көрсетілгені туралы полицияға хабарлама түскеннен кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғаған. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлеріне 39 жастағы әйел қарсылық көрсетіп, заңды талаптарына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке де тартылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу