Израиль Қорғаныс армиясы жексенбі күні Ливанның оңтүстігінде орналасқан «Хезболла» тобының болжамды позицияларына жаңа соққылар сериясын жасады. Бұл туралы Таяу Шығыс бұқаралық ақпарат құралдары мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Армия Ливанның оңтүстігіндегі бірнеше ауданда “Хезболла” құрамындағы үш лаңкесті нысанаға алып, соққы берді, – деп келтіреді БАҚ Израиль әскери қолбасшылығының мәлімдемесін.
Израиль тарапының дерегінше, «Хезболла» содырлары бұған дейін жойылған инфрақұрылымды қалпына келтіруге әрекеттенген. Осыған байланысты әскери күштер соққы жасау туралы шешім қабылдаған.
Өз кезегінде Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі Израиль әскерінің соққылары салдарынан екі адамның қаза тауып, тағы бір адамның жараланғанын хабарлады.
2024 жылдың қараша айында жасалған бітімгершілік келісіміне сәйкес, ливандық топ Израильге шабуыл жасау үшін пайдаланылуы мүмкін инфрақұрылымды қалпына келтіруге әрекет жасамауы тиіс.