Еуропалық одақ Венесуэла президенті Николас Мадуроның легитимдігі жоқ екенін бірнеше рет мәлімдеген, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас X әлеуметтік желісінде жазды.
Оның айтуынша, Еуропалық одақ биліктің бейбіт жолмен берілуін қолдайды.
«Қандай жағдай болса да, халықаралық құқық пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының қағидаттары сақталуы тиіс. Біз барлық тарапты сабыр сақтауға шақырамыз», – делінген жазбада.
Каллас Венесуэладағы жағдайды Марко Рубиомен және ЕО-ның Каракастағы елшісімен талқылағанын атап өтті. Оның сөзінше, ЕО Венесуэладағы ахуалды мұқият бақылап отыр.
Айта кетейік, 3 қаңтар күні Венесуэланың астанасы Каракаста, соның ішінде әуежай маңында бірнеше жарылыс тіркелді. Бұған байланысты Николас Мадуро елде Венесуэла аумағында төтенше жағдай режимін жариялады. Ол оқиғаны АҚШ тарапынан жасалған «шабуыл» деп бағалады.