Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Карантин мамыр айына дейін ұзарды

Сұқбат
Карантин мамыр айына дейін ұзарды

Елімізде коронавирусқа байланысты карантин уақыты мамыр айына дейін созылды. Бұл туралы бүгін президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында мәлімдеді.

«15 сәуірде төтенше жағдай режимі туралы Жарлығымның мерзімі аяқталады. Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен аурудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын. Мұның оңтайлы шешім емес екенін түсінемін. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді. Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы», - деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ.

Президент төрағалығымен өткен онлайн жиынға облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары қатысты.

Ресми мәлімет бойынша коронавирусқа  802 адам шалдықса, 63 адам сауықты. 9 адам дүние салды.
Фото: ainews.kz

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу