freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Конгода қауіпті вирустан 65 адам қайтыс болды

Оқиға
Конгода қауіпті вирустан 65 адам қайтыс болды
istockphoto.com

Конгоның шалғайдағы Итури провинциясында Эбола вирусының жаңа өршуі салдарынан 65 адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта ауру жұқтырды деген күдікпен 246 жағдай тіркелген, деп хабарлайды Malim.kz.

Azattyq Rýhy-ның жазуынша, эбола вирусы өте жұқпалы және адам ағзасындағы биологиялық сұйықтықтар арқылы таралады. Бұл дерт сирек кездескенімен, өте ауыр өтеді және көп жағдайда өлімге әкеледі.

World Health Organization өткен жылы Конгода Эболаны емдеуге арналған препараттар қоры және Ervebo вакцинасынан шамамен 2000 доза бар екенін мәлімдеген болатын. Алайда бұл вакцина Ebola Zaire штамына қарсы ғана тиімді.

Africa CDC жаңа өршуге себеп болған нақты штамды растайтын зерттеу нәтижелері алдағы 24 сағат ішінде жарияланатынын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған теңіз лайнерлерінде хантавирус өршігені айтылды. Аргентинадан Кабо-Вердеге бағыт алған MV Hondius круиздік кемесінде хантавирус өршігені белгілі болған. Инфекциядан үш жолаушы қайтыс болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу