Қазақстанда Конституция күні 1 шілде атап өтілуі мүмкін. Бұл туралы жаңа Конституция жобасында жазылған, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Құжатқа сәйкес, жаңа Конституция референдумда қабылданса, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
"Егер референдумда мақұлданса, жаңа Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болады", - делінген мәтінде.
11 ақпанда Конституциялық комиссия мүшелері Президент Тоқаевқа елдің жаңа Конституциясы жобасы бойынша атқарылған жұмыстың қорытындысын таныстырды.
Одан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа бойынша референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.
Жарлық мәтініне сай, Қазақстанда Конституциялық реформа жөніндегі референдум 15 наурызда, жексенбі күні өтеді.