freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Көп адам білмейді": Сүйінші! Асхат Аймағамбетов бар қазақты қуантатын хабарын айтты

Қоғам
"Көп адам білмейді": Сүйінші! Асхат Аймағамбетов бар қазақты қуантатын хабарын айтты
Informburo.kz. Суретте: Асхат Аймағамбетов

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов азаматтарға скринингтік тексерулерден өту үшін жылына үш жұмыс күніне дейін әлеуметтік демалыс берілетінін еске салды, деп хабарлайды Malim.kz.

Депутаттың айтуынша, көпшілік бұл құқық туралы біле бермейді. Алайда ол Еңбек кодексінде нақты көрсетілген.

"Көп адам мұны білмейді. Еңбек кодексінде скринингтерден өту үшін арнайы демалыс қарастырылған. 87-бапта ол нақты көрсетілген: қызметкерге жылына 3 жұмыс күніне дейін скринингтік зерттеулерден өту үшін әлеуметтік демалыс беріледі. Жұмыс беруші бұл арнайы демалысты беруге міндетті. Өз құқығыңызды пайдаланыңыздар. Скринингтен өтіңіздер", – деп жазды Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еңбек кодексінің 87-бабына сәйкес, жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысымен қатар әлеуметтік демалыстар да қарастырылған. Әлеуметтік демалыс ана болуға, балалар күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға және өзге де әлеуметтік мақсаттарға байланысты беріледі.

Заңнамада әлеуметтік демалыстың бірнеше түрі бар: жалақы сақталмайтын демалыс, оқу демалысы, жүктілікке және босануға байланысты демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін күтім жасауға арналған демалыс.

Сонымен қатар, бір жыл ішінде үш жұмыс күнінен аспайтын көлемде скринингтік тексеруден өтуге арналған демалыс қарастырылған. Бұдан бөлек, жүктіліктің 12 аптасына дейін медициналық есепке тұру үшін кемінде үш жұмыс күні демалыс беріледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу