Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кремль Трамп әкімшілігі келгенге дейін бейбіт келіссөз шарттарын қоюға ынталы

Саясат
Кремль Трамп әкімшілігі келгенге дейін бейбіт келіссөз шарттарын қоюға ынталы

                                   Фото: https://peopletravel.by/

Кремль Дональд Трамптың инаугурациясы қарсаңында Киевпен кез келген ықтимал бейбіт келіссөздердің шарттарын белгілеуге тырысады. Бұл жөнінде Американың соғысты зертету институты өз есебінде жариялады.

Сарапшылар «Кремльдің өзіне тиімді шарттарды белгілеуге тырысуы Ресейдің өз көздегенінен қайтпайтынын және Украинаны толығымен капитуляциялау үшін бәрінен тайынбай отырғанын көрсетеді» деген.

Олардың пікірінше, Кремль Байдан әкімшілігіне қарағанда, ендігі Трамп командасына жеңілдік жасау дайын емес сияқты.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Киевке Батыстан әскери көмек тоқтатылған жағдайда ғана бейбітшілік орнайтынын айтты. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Трамптың Ақ үйге келуі АҚШ-тың Украинаға қатысты ұстанымын түбегейлі өзгертпейтінін жеткізді.

Захарова мен Лавровтың мәлімдемелері Ресей президенті Владимир Путиннің Трамп кезінде АҚШ-Ресей қарым-қатынастарын қалпына келтіруге қызығушылық танытуға бағытталған соңғы сөздеріне сай емес.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу