Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кремльде Тоқаев пен Путиннің бейресми жеке кездесуі өтеді

Саясат
Кремльде Тоқаев пен Путиннің бейресми жеке кездесуі өтеді
Фото: Ақорда

Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысын салтанатты қарсы алу рәсімі №1 борт Ресей әуе кеңістігіне өткен сәттен басталып кетті. Ерекше құрметтің белгісі ретінде қазақстандық делегация отырған ұшақты истребительдер мен тікұшақтар алып жүріп, Внуково әуежайында әскери оркестр мен құрмет қарауылының қарсы алуымен жалғасты.

Сәлден соң Кремльде мемлекеттер басшыларының бейресми жеке кездесуі өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына орай Ресей Федерациясы Президентінің атынан кешкі ас беріледі. Мемлекет басшысының ертеңгі жұмыс кестесі де өте тығыз. Кремльдегі ресми қарсы алу рәсімінен кейін Владимир Путинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіледі. Президент сондай-ақ Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында сөз сөйлейді, - деп жазды ол.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу