Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кривой Рогқа шабуыл жасалды

Саясат
Кривой Рогқа шабуыл жасалды

                    фото: Днепропетровск облысының картасы

Украинаның Кривой Рог қаласына зымыран түсіп, көп қабатты үйдің төменгі бес қабаты қирады. Бұл жөнінде қала әкімшілігі хабарлаған.

ВВС-дің жазуынша,  «бірінші қабаттан бесінші қабатқа дейінгі пәтерлер» қираған болуы мүмкін.  

Днепропетровск облыстық әскери басқармасының басшысы Сергей Лысактің айтуынша, қазіргі таңда зардап шеккен төрт адам құтқарылып, бір адам емханаға жатқызылған. 11 жастағы баланың жағдайы орташа ауыр. 10 жасар қыз сол жерде медициналық көмекке жүгінген.

Украина билігі Кривой Рогқа соққы жасалғаны туралы хабарлаған. Ресей жағы ешқандай түсініктеме айтқан жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу