Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Күйеуімен шетел асып кеткен Ақбаян анасымен араласпаған": Атырауда жоғалған отбасы туралы тың дерек шықты (ВИДЕО)

Қоғам
"Күйеуімен шетел асып кеткен Ақбаян анасымен араласпаған": Атырауда жоғалған отбасы туралы тың дерек шықты (ВИДЕО)
Arasha.kz коллажы

Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен бір отбасыға қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында жоғалған отбасы ісіне байланысты әлеуметтік желіде өзін «хакер» деп таныстырған азамат кезекті мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, жоғалған отбасы мүшелерінің бірі – Наурыз Мұқанғалиевтің атына тіркелген SIM-карталар жоғалып кеткеннен кейін де белгілі бір уақыт аралығында белсенді қолданылып отырған.

Жарияланған мәліметке сәйкес, аталған нөмірлердің геолокациясы Өзбекстан аумағынан тіркелген. Сондай-ақ бұл SIM-карталар арқылы WhatsApp мессенджеріне тәулігіне бірнеше мәрте кіргені анықталған. Дегенмен ресми деректерде жоғалған отбасы мүшелерінің Қазақстан шекарасын заңды түрде кесіп өткені жөнінде ақпарат жоқ.

Өзін «хакер» деп таныстырған азамат Түркістан облысы аумағында Өзбекстанға заңсыз өтетін бейресми жолдардың бар екенін де алға тартып, SIM-карталар сол бағыттар арқылы бөгде адамдардың қолына түсуі мүмкін деген болжам айтты.

Туыстарының мәліметінше, қараша және желтоқсан айларында отбасы мүшелеріне тиесілі зейнетақы қаражаттары шешіп алынған. Сонымен қатар WhatsApp арқылы үйдегі малдың сатылғаны анықталған. Хат-хабар алмасулардың барлығы Наурыз Мұқанғалиевтің атынан жүргізілгені бұған дейін де хабарланған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу