457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Алаяқтардан қорыққан ақтөбелік үйінен айырылды

Алданған әйел 2 бөлмелі пәтерін сатып, несие де рәсімдеген. Қазір күдіктіні іздеу жұмысы жүріп жатыр.


Алдымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізетін агенттіктен тексеріс келгені және жақын арада өзіне хабарласатыны туралы хабарлама келеді. Хабарлама кәсіпорын басшысының нөмірінен түскен. Көп ұзамай өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдар қоңырау шалып, оның банк шоттарын алаяқтар пайдаланып жүргенін айтады. Ақшаны сақтап қалу, қылмыстық әрекеттердің алдын алу үшін олардың нұсқауын орындауды талап етеді.

Алаяқтардың сөзіне сенген әйел өзінің екі бөлмелі пәтерін сатып, банктерден онлайн несие рәсімдеп, депозитіндегі 1 миллион теңгені белгісіз банк карталарының шоттарына аударған. Нәтижесінде келтірілген жалпы шығын 22 миллион теңгеден асты. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ақша аударуды, несие рәсімдеуді немесе басқа да қаржылық операцияларды талап етпейді. Күдік тудырған жағдайда бірден әңгімені тоқтатып, полиция бөліміне жүгініңіз немесе 102 нөміріне қоңырау шалыңыз, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Фото: freepik