Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда автобуста оқушыны ұрған тұрғын ұсталды

Құқық
Алматыда автобуста оқушыны ұрған тұрғын ұсталды

Алматы Полиция департаменті автобуста мектеп оқушысына шабуыл жасаған егде жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады. 

Ведомство бұл іс бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.  

"Аталған факт бойынша Әуезов ауданының полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Құқықбұзушының жеке басы анықталып, ол ұсталды. Фигуранттың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Еске салсақ, бұған дейін желіде автобустағы егде жастағы жолаушының мектеп оқушысына шабуыл жасағаны түсірілген видео жарияланған еді. Қыздың айтуынша, оқиға ер адамның оқушының аяғынан теуіп оятудан басталған. Кейін ер адам сөзбен тиісіп, соңында оның бетіне соққы жасап, көзілдірігін жұлып алып, сындырып тастаған.  

Фото: m.kolesa.kz  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу