Астанада бір күнде үш бірдей есірткі таратушы ұсталды

Олар есірткі заттарын ағаш түбіне жасырып жатып ұсталған

Мәди Саматұлы

  • 20.10.2024

Астанада Ұлттық ұланының жауынгерлері қызмет барысында есірткі жасырушыларды қолға түсірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Polisia.kz жазуынша, алғашқы дерек 18 қазанда сағат 19:50 шамасында анықталған. Есіл ауданында қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде әскери жасақ ағаштың түбінде бір затты жасырып жатқан азаматты байқайды. Жасақ бастығы Сайыскелді Сайлауұлы және қатардағы жауынгерлер Темірлан Ағанкелдиев пен Еламан Әбүйір дереу мін-жайды анықтауға кіріскен.

Күдіктінің ағаш арасына белгісіз заттары бар бумалар жасырғаны анықталды. Біз оны ұстаған соң, сол аумаққа қосымша тексеру жүргіздік, дейді әскери жасақ бастығы.

Ұсталған ер адам полицияның учаскелік пунктіне жеткізілген. Тергеу жедел тобы күдіктінің жеке заттарын тінту кезінде өзіне тән иісі бар зат салынған 64 буманы тәркілеген.

Екінші оқиға Есіл ауданы көшелерінің бірінде болған. Әскери жасақ бастығы Еркебұлан Парымбеков және патрульші жауынгерлер Бекнұр Аяшев пен Құрбанәлі Наурызбай марихуанасы бар байлам тауып, іс кесу нәтижесінде тағы екі есірткі курьерін ұстады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылған.

Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025
MalimBlocks
Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді