Астанада көшеде дрифт жасаған екі бұзақы жүргізуші ұсталды

Олардың көліктері тұраққа қамалған

Мәди Саматұлы

  • 12.10.2024

Рейд кезінде патрульдік наряд «Тәуелсіздік сарайының» жанындағы жаяу жүргіншілер алаңына кіріп, жол ережесін бұзған екі көлікті көрген. Полиция қызметкерлері қылмыскерлерді – 22 жастағы екі жігітті анықтаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің мәлімдеуінше, MERSEDES-BENZ және «Лада Приора» автокөліктерінің екі жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал автомобильдер коммуналдық тұраққа қамалған.

Айта кетйік, елорда аумағында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. ЖМК басталғаннан бері учаскелік инспекторлар 23 мыңға жуық жалдамалы пәтер мен 3 мың саяжай үйін тексерген.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 359 адам жауапқа тартылды. ЖМК өткізу кезінде тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдар тексерілді. 7 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде ұсақ бұзақылық фактісі бойынша 148 азамат ұсталды, деп жазды елорда полиция департаменті.

Фото: скриншот

Байланысты жаналықтар

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025
MalimBlocks
Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді