БҚО-да полиция бір аптада 126 есірткі zip-пакетін тәркілеген

Оның біразын иіссезгіш иттер анықтаған

Мәди Саматұлы

  • 07.09.2024

«Қарасора» және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында БҚО ПД кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері Деркөл ауылының маңындағы орман алқабында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде кезекті екі есірткі жасырушыны қылмыс үстінде ұстаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Polisia.kz жазуынша, бір аптада анықталған осындай жайттар дерегі былай болған.

Мәселен, 3 қыркүйек күні 20 жастағы жігіттен 24 түйін тәркіленген. Оның ішінде ерекше иісі бар, ақ түсті ұнтақ салынған zip-пакет болған. Оқиға орнын тексеру кезінде жолдан 25 метр қашықтықта тас астынан көк изолентамен оралған орама табылған, ішінен zip-пакет табылып, тәркіленген. Қыркүйектің 4-і күні Деркөл ауылында 41 жастағы Орал қаласының тұрғыны ұсталған. Тінту кезінде ішінде ақ түсті, ерекше иісі бар ұнтақ зат zip-пакет бар 38 түйін тәркіленген. Аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғалған.

Жыл басынан бері иіссезгіш иттердің көмегімен 50 есірткі қылмысының беті ашылды. Бұл бағытта біз өңірге әкелінген тауар жүктерін тексерумен айналысамыз. Рейдтік шаралар тұрақты өткізіледі. Есірткі жасыру, яғни, есірткіні жасырып тығу деректері бойынша да тексерулер қолға алынады, дейді БҚО ПД Кинологиялық қызмет орталығының бастығы Жандос Сариев. 

Жыл басынан бері полиция қызметінде жүрген иттердің көмегімен 204 қылмыс ашылса, кинологиялық қызметтің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 50 есірткі қылмысын әшкерелеген. 

Бұған дейін Орал және Ақсай қалаларында есірткі затын жасырушы екі адам ұсталған. Олардан жалпы есірткі салынған 63 zip-пакет тәркіленген. Жалпы бір апта ішінде жасырынған 126 zip-пакет табылған.  
Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Талғар ауданында атыс болды