Бас прокурор: Елге 262 млрд теңге қайтардық

Арман Қайыпхан

  • 19.09.2024

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақорда Берік Асыловтың баяндамасынан үзінді ұсына келе прокурор президентке «еліміздегі заңдылықтың сақталуы мен құқықтық тәртіптің жай-күйі, қадағалау органының басым бағыттардағы қызметі жөнінде мәлімет берді» деп жазған.

Бұдан өзге, Асылов президентке инвестициялық жобаларды қолдау туралы есеп берген.

«Ел экономикасына 8,3 триллион теңге қаржы құйған 445 инвесторға құқықтық көмек ұсындық. Мемлекеттік органдардың инвесторларға қарсы 500 шешімі бекітілген жоқ. Қабылданған шаралар инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыра түсуге мүмкіндік берген», - дейді Асылов өз сөзінде.

Бас прокурор сондай-ақ шетелге заңсыз кеткен активтерді Қазақстанға қалай қайтарып жатқанын айтып берген.

«Биыл прокуратура органдары жалпы құны 262 миллиард теңге, соның ішінде шетелден 205 миллион долларға бағаланған активтерді қайтарған. Активтерді басқару компаниясына кәсіпорындардағы құны 82 миллиард теңге болатын мүлік пен үлестер берілген. Жалпы сомасы 450 миллиард теңгеге тең активтерді қайтару туралы келісім мақұлданған», - деген Асылов.

Сонымен қатар бас прокурор президентке соңғы 4 жылда мемлекетке 17 миллион гектар жер қайтарылып, айналымға енгенін, бұрын 29 млн гектар жер тапшы болса, қазір оның көлемі 8 млн гектарға дейін азайғанын айтып берген.

«Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасында айқындалған «Заң және Тәртіп» бағдарын нығайту ісіне прокуратура органдарының күш-жігерін барынша жұмылдыруды, әсіресе, заңға қайшы кез келген әрекет үшін жазадан жалтаруға жол бермеуді тапсырды», - деп жазады Ақорда.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

14.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

«Заң мен тәртіп»: қойылымдар байқауының жеңімпаздары марапатталды

13.05.2025

Елімізде балалардың құқығын қорғайтын бөлек басқарма құрылды

13.05.2025

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

11.05.2025
MalimBlocks
ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

Ұрлық жалған келісімшарттармен және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

«Заң мен тәртіп»: қойылымдар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Елімізде балалардың құқығын қорғайтын бөлек басқарма құрылды

Мемлекеттік рәміздерге жауапкершілік күшейтіледі

Конституциялық заңға өзгеріс енгізіледі