457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Екі баласын өлтірген әйел түрмеде отырмайтын болды

Ақтөбе соты сәбилерін өлтірген 29 жастағы келіншекті жындыханаға жатқызу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Malim.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Әйел декреттік демалысқа шыққанша ауыл мектебінде информатика пәнінен сабақ берген. Енді ол Талғардағы республикалық психиатриялық ауруханада емделмек. Сот отырысына айыпталушы келмеген, оның мүддесін ағасы мен адвокаты қорғаған. Ал жәбірленуші тараптан келіншектің күйеуі келген.

Оның айтуынша, жұбайы балаларын өлтіруге бірнеше рет оқталған, өмірден шаршағанын айтып жүрген. Дәрігерге апарып, тексерілген кезде оған екінші дәрежелі психоз деген диагноз қойылған.

Содан кейін келіншекті туған әкесі емдетуге көмектескісі келіп, балаларымен бірге үйіне алып кетеді. Әйел 23 наурызда Қандағаштағы әке-шешесінің үйінде екі сәбиі ұйықтап жатқан кезде жастықпен тұншықтырады.

Көз жұмған балалардың әкесінің сөзінше, жұбайы екінші баласын дүниеге әкелгеннен кейін психологиялық күйі өзгере бастаған. Балаларының болашағы жоғын, 11 наурызда екі баласын өлтіргісі келетінін айтқан. Күйеуі полицияға хабарласып, сарапшылар әйелдің сырқатын анықтаған. 13 наурызда келіншек полицейлерге телефон соғып, суық қару сұраған. Ер адам әйелін соттауды сұрамайтынын айтты, ол емделгенін жөн көріп отыр.

Фото: istockphoto.com