Екі жігіт онлайн-казино ойнап, жұрттың көліктерін сатып жіберген

Олар қазір түрмеге қамалды, әрекеттеріне өкінеді

Мәди Саматұлы

  • 07.09.2024

ШҚО-лық 37 және 35 жастағы екі азамат Алматыда онлайн-казино ойнап, ақшаларынан айрылған, деп хабарлайды Malim.kz. 

Polisia.kz жазуынша, мұнымен тоқтамай, қала тұрғындарына автокөлікті есепке алу мүмкіндігін ұсынып, жұртты алдай бастаған. Көліктерін тіркеу үшін деп алып, онысын сатып жіберіп, түскен ақшаны тағы құмар ойынға сала берген.

Ақырында екі көлік иелеріне шамамен 15 миллион теңге материалдық шығын келтірген болып шықты.

Сот оларды қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын өтеу үшін сотталғандар Семей қаласының орташа қауіпсіздік мекемесіне жеткізілді, деп жазылған полиция хабарламасында. 

Әзірге жәбірленушілерге келтірген материалдық залалдың бір бөлігі ғана өтелген. Ал өздері әрекеттеріне өкінетіндерін айтқан.

Фото: inbusiness.kz

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

15.05.2025

Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

14.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025
MalimBlocks
ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

Tesla аккумуляторлар мен чиптерді әзірлеуден бастап БЖ-ны шығарып, тікелей сатуға дейінгі бүкіл өндірістік циклды бақылайды

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді