Елімізде жол апаты неге көбейіп кетті?

Жүргізуші өзін-өзі басқара алмайтын күйде болады

Malim Админ

  • 25.09.2024

Еліміздегі жол апаттарының негізгі себептерінің бірі - энергетикалық сусындар. Терапевт Нәдір Нарзулланың айтуынша, ұйқысы қанбаған жүргізушілер энергетикалық сусын ішіп, сергек болуға тырысады.   


Дәрігерлер қала арасында көп жүретін жүргізушілердің жол-көлік оқиғаларына ұшырауына энергетикалық сусындар да әсер етіп отырғанын ерекше атап өтті.

– Көбісі назар аудармайды, бірақ энергетикалық сусындар шығаратын компаниялар сусынның «жүйке жүйесі қозған адамдарға» қарсы көрсеткіші бар екенін ескертеді. Жүйке жүйесі қозған адамдарға кімді жатқызамыз? Бұл неврологияға сәйкес ұйқысы қанбайтын адамдар. Біздің елімізде ұйқысы қанбаған такси жүргізушілері энергетикалық сусын ішіп, жолға шыға беретінін жақсы білеміз. Сусынның құрамындағы L-карнитин мен кофеин жүйке жүйесінің жұмысын әлсіретеді. Жүргізуші сергек, сөйлесе алады, бірақ өзін-өзі басқара алмайтын күйде болады. Адам мұны сезбеуі мүмкін, іс жүзінде ол өзін басқара алмайды, - деп атап өтті маман.

Сондай-ақ апаттардың жиі болуына көптеген фактор әсер етеді. Соның ішінде тозығы жеткен көліктер, нашар инфрақұрылым және жүргізушілердің энергетикалық сусындарды пайдалануы себеп болады. Инфрақұрылымды модернизациялау және ережелерді қатайту шараларына қарамастан, мамандар жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін жүргізушілер жеке жауапкершілігін түсінбейінше, айтарлықтай өзгерістер болмайтынын айтады. 

Фото: Sputnik  

Байланысты жаналықтар

Ұшақ апаты: Грозныйға 30 минутта неге жете алмады?

25.12.2024

Қостанай облысында жол апатынан үш адам мерт болды

17.12.2024

Адам өліміне кінәлі «5:32» сериалының продюсері сотталды

29.11.2024

Жол апаты. Көліктер соқтығысып, 1 адам мерт болды

21.11.2024

Атырау облысында жол апаты көбейген. 73 адам көз жұмған

13.11.2024

Жетісу облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

12.11.2024
MalimBlocks
Ұшақ апаты: Грозныйға 30 минутта неге жете алмады?

Қостанай облысында жол апатынан үш адам мерт болды

Адам өліміне кінәлі «5:32» сериалының продюсері сотталды

Салдарынан 16 адам жарақат алып, бір адам қаза тапты

Жол апаты. Көліктер соқтығысып, 1 адам мерт болды

Жеңіл көлік рулінде 1987 жылғы ер адам болған

Атырау облысында жол апаты көбейген. 73 адам көз жұмған

858 адам түрлі дене жарақатын алған

Жетісу облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

Талдықорған-Үштөбе бағытында келе жатқан Audi жеңіл көлігі, сол бағыттағы Howo жүк көлігіне соғылған