Гүлмира Сатыбалдының ісінде судья жәбірленуішіні сот залынан шығарып жіберді

Оған жәбірленушінің өзі себепкер болған.

Malim Админ

  • 22.07.2024

«18 шілде күні Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот процесі барысында жәбірленуші куәгер Родионов пен сотталушы Батыршаевпен сөзге келіп, тәртіп бұзғаны үшін сот залынан шығарылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 346-бабына сәйкес, сот отырысында тәртіп бұзылып, төрағалық етушінің өкіміне бағынбаған жағдайда, судья ол адамды сот залынан шығарып жіберуге құқылы», - деді судья Мәртпек Кәкімжанов.

Судья Абай Жүнісовтің бұрын мұндай заңбұзушылық жасамағанын ескеріп, оны тек 22 және 25 шілдеде өтетін екі отырысқа ғана қатыстырмау туралы шешім қабылдады.

Жәбірленушінің адвокаты Рашид Теңізбаев қорғауындағы тараптың атынан кешірім сұрады. Ол қорғауындағы азаматтың істеген ісі үшін өкінетінін және мұндай әрекетті қайталамайтынын айтты.

Айта кетейік, Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Гүлмира Сатыбалды мен оның көлік жүргізушісі Мәди Батыршаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.

Бұған дейін кәсіпкер Абай Жүнісов Гүлмира Сатыбалды серіктестікте ұрлық жасады деп айыптап және кінәсін мойындауды талап етіп, 2019 жылдың ақпанынан бері үйінде заңсыз қамауда ұстағанын мәлімдеген еді.

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды