Ішкі істер министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады

Министрлік жол қозғалысы кезіндегі сақтық шараларын ескертті

Мәди Саматұлы

  • 12.10.2024

Күздің басталуымен ұсақ жол-көлік оқиғаларының болу қаупі артады. Ауа-райының өзгеруі жол жүрісіне қатысушылар үшін қолайсыздық тудырады. Жаңбыр көріністі нашарлатып, дөңгелектердің сырғанауына әкелуі мүмкін. Жиналған судың кесірінен асфальттағы кедір-бұдырлар мен шұңқырлар көрінбей, жол қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Осыған байланысты жүргізушілерді мұқият болуға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, қараңғы уақытта жарық құрылғыларының дұрыстығын қадағалап, жарықтандырылған жолдарды таңдау қажет.

Кенеттен кедергілер пайда болған кезде тоқтауға мүмкіндік беретін жылдамдықты таңдаңыз. Күзде температураның өзгеруіне байланысты жолда, әсіресе көпірлер мен өткелдерде мұз пайда болуы мүмкін. Жолға баса назар аударыңыз, көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланбаңыз және көлік басқарудан алаңдататын әрекеттерден аулақ болыңыз, деді ол.

Сонымен қатар, жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін және қашықтықты сақтап, жылдам жүріс пен басып озудан аулақ болу қажет. Жаяу жүргіншілерді назардан тыс қалдырмай, айналадағы жол жағдайын бақылауда ұстаған жөн. Сондай-ақ, автокөлік иелеріне ауа-райының өзгеруін мұқият қадағалап, нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеу ұсынылады.

Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

16.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Аптап ыстық: 16 мамырға арналған ауа райы болжамы

15.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Аптап ыстық: 16 мамырға арналған ауа райы болжамы

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды