Изолятордан қашу. Жауапсыздық танытқан 2 қызметкер жұмыстан шығарылды

Бұдан бөлек, 12 қызметкер жазаланды

Malim Админ

  • 21.11.2024

Талғар УҰИ бастығы мен жауапты қызметкері қамаудан қашқан күдіктіге байланысты ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеген.


"Талғар ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерінің салғырттығына байланысты Өзіндік қауіпсіздік департаменті ҚР ҚК-ның 371-бабы ("Жауапты мемлекеттік лауазымды тұлғаның немесе құқық қорғау не арнайы мемлекеттік орган басшысының қызметтегі әрекетсіздігі") бойынша соталды тергеу амалдарын бастады. Аталған қылмыстық іс аясында лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Сонымен қатар қызметтік тергеу нәтижелері бойынша 12 қызметкерге қатаң тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылды. Оның ішінде УҰИ бастығы мен жауапты қызметкері теріс себептермен ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды", – деп хабарлады ҚР ІІМ

Бұдан бөлек, 21 қазанда қашу дерегі бойынша ҚР ҚК-ның 426-бабы ("Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан немесе күзеттен қашу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Еске сала кетейік, 26 жастағы ер адам өзінің туған жиенін зорлады деген күдікпен ұсталған болатын. Ол әжесімен бір үйде тұрған жиенін зорлады деген айып тағылған. 21 қазанда күдікті Талғар қаласының уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен.   

Фото: Видеодан кадр 

Байланысты жаналықтар

Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

21.05.2025

"Кім не айтатынын алдын ала келістік" - Шерзат ісі бойынша айыпталған Абзал Шынасыл

21.05.2025

Шерзат ісі: Абзал Шынасыл Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ сұққанын мойындады

21.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025
MalimBlocks
Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

"Кім не айтатынын алдын ала келістік" - Шерзат ісі бойынша айыпталған Абзал Шынасыл

Шерзат ісі: Абзал Шынасыл Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ сұққанын мойындады

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады