Көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін

Министрдің бірінші орынбасары бұл мәселе бүгін ғана көтеріп отырмағанын атап өтті.

Берік Дәулетов

  • 27.06.2024

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев көліктің алдыңғы терезесін қараңғылауға рұқсат беруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform.kz.

Сенаттың жалпы отырысы аясында БАҚ өкілдері Марат Қожаевтан: «Қытайда шығарылған көптеген автомобильдің алдыңғы терезесі қараңғыланған.

Қазақстанда мұндай қараңғылауға рұқсат берілуі мүмкін бе?», - деп сұраған еді.

Министрдің бірінші орынбасары бұл мәселе бүгін ғана көтеріп отырмағанын атап өтті.

Қазіргі уақытта ІІМ алдыңғы терезені қараңғылауға тыйым салу тарихын зерделеп жатыр. Бұл мәселені Мәжіліс депутаттары да көтеріп жүр. Кедендік одақ регламенті бар. Онда алдыңғы терезе қаншалықты қараңғылануы тиіс екендігі жазылған. Бұл жол қозғалысы және Жол жүрісі ережесінің бұзылуы кезінде жүргізуші мен жолаушыны сәйкестендіруде қиындықтың болуына байланысты. Қазір құқық бұзушылықты тіркейтін жаңа техникалық құралдар шығып жатыр. Сондықтан мұның (алдыңғы терезені қараңғылауға рұқсат беру) қаншалық мүмкін екендігін немесе жол қозғалысы, қоғамдық тәртіп қауіпсіздіген зиян тигізетіндігін зерделеп жатырмыз. Мәселе зерделеніп жатыр, таяу уақытта сарапшылық қорытындымызды сіздерге жеткіземіз, - деді Марат Қожаев.

Фото: zakleem.ru

Байланысты жаналықтар

Ермек Тұрсынов елден неге кетті? Депутаттар пікір білдірді

19.05.2025

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

19.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

14.05.2025

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған

05.05.2025
MalimBlocks
Ермек Тұрсынов елден неге кетті? Депутаттар пікір білдірді

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

Tesla аккумуляторлар мен чиптерді әзірлеуден бастап БЖ-ны шығарып, тікелей сатуға дейінгі бүкіл өндірістік циклды бақылайды

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

Құны 100 млн теңгеден асады: тәркіленуге тиіс көлік тоналған