457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Контрабандамен айналысқан қылмыстық топ сотталды

Алматы прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде кеден саласындағы уәкілетті экономикалық операторлар атынан әрекет еткен қылмыстық топтың қызметі әшкереленіп, жолы кесілді.


Тергеу барысында жалған құжаттар мен кедендік сәйкестендіру құралдарын пайдаланып, тауарларды кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізу, нақты орындалмаған жұмыстарға, көрсетілмеген қызметтерге және жөнелтілмеген тауарларға жалған шот-фактуралар жазу фактілері анықталды.

Аталған заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 33 миллиард теңгеден астам залал келген, - деп жазды бақылаушы органнан.

Сот үкімімен айыпталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 216 және 234-баптары бойынша кінәлі деп танылып, мүліктері тәркілене отырып, екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Апелляциялық саты бірінші саты сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Фото: Павлодар облыстық соты