Маңғыстауда мұнай-газ компанияларының басшылары туыстарына жалақы төлеп келген

Сотқа дейінгі бес тергеу амалы ҚР ҚК 189 бабы баптың 4-бөлігі бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде беру немесе ысырап ету) басталды.

Берік Дәулетов

  • 25.06.2024

Маңғыстау мұнай кәсіпорындарында 1 млрд теңгенің жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Malim.kz прокуратураға сілтеме жасай отырып.

Маңғыстау прокуратурасы экономикалық тергеу департаменті мен антикор бірлесіп, мұнай-газ саласындағы бес кәсіпорынға тексеру жүргізді.

"ОйлТранспортКорпорейшн" ЖШС ("ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) лауазымды тұлғалары жеткізушіден 1,5 млрд теңгеден астам сомаға техникалық ерекшеліктерге сәйкес келмейтін автобустарды қабылдағаны анықталды. Олардың құны 400 млн теңгеге көтерілген.

Жұмыс істемейтін арнайы техника қызметтері үшін 110 млн теңге аудару фактілері ашылды.

West Oil Software-де (ОйлТранспортКорпорейшн" ЖШС мердігерлік ұйымы) жұмыс істемеген адамдарға, оның ішінде компания басшылығының жақын туыстарына 400 млн теңгеден астам жалақы төлеу фактілерін анықтады.

Сотқа дейінгі бес тергеу амалы ҚР ҚК 189 бабы баптың 4-бөлігі бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде беру немесе ысырап ету) басталды.

Ұйымдардың төрт басшы лауазым иесі ұсталды.

Қылмыстық істер Экономикалық тергеу департаментінің қарауында жатыр.

Фото: astanatv.kz

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

12.05.2025

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

10.05.2025

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

09.05.2025

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

08.05.2025

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

06.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

АҚШ, Бразилия, Иран сияқты елдер өндірісті ұлғайтып отыр

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады