Назарбаев университетінде 73 млрд теңге тиімсіз игерілген

Malim Админ

  • 11.12.2024

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Назарбаев университетінің жұмысына жүргізілген аудиттің алдын ала қортындысы бойынша бірқатар проблема мен кемшілікті анықтағанын мәлімдеді.


- Біріншісі – Назарбаев университетінің әлі күнге дейін бюджет қаражатына тәуелді болып келе жатқаны. Ал оқу орнын дамытудың стратегиялық құжатында университет сыртқы қаражат көздерінің есебінен республикалық бюджет қаржысына тәуелділіктен кету керек болған. Универсиетке беріліп отырған теңдессіз мәртебе мен салық жеңілдіктеріне, қолдау тетіктеріне қарамастан қаражатының 97 пайызын республикалық бюджеттен алып отыр. Тағы бір кемшілігі – қолданыстағы заңнамада университеттің қаржылық есебін жариялауы қарастырылмаған. Бұл университет жұмысының ашықтығына кедергі келтіреді, - деді Әлихан Смайылов. 

Палата басшысының сөзінше университет мемлекет қаражатын соншалықты тиімді игеріп отырған жоқ.

- Аудит қорытындысы бойынша университет 73 млрд теңгені тиімсіз жоспарлап, игергені анықталды. Сондай-ақ жарты миллиард теңгенің қаржылық заң бұзу фактісі белгілі болды, - деді Ә.Смайылов.

Оның сөзінше университеттің стратегиялық серіктестерінің тізімінде тауарлар мен қызметтер ұсынатын компаниялардың үлесі басым екені әшкере болған. Бұл тауарлар мен қызмет жеткізушілерді конкурссыз-ақ, бір көзден сатып алу арқылы іріктеуге жол ашқан. 

Аудит қорытындысы университет басшылығы мен үкіметке жолданған.

Фото: 2gis.kz

Байланысты жаналықтар

5 сәуірден бері 1500 мопед айыптұраққа қойылды

21.05.2025

“Пранк” жасайтындар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін 

21.05.2025

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

ІІМ самокат мінушілерге қатаң шектеу енгізуді ұсынды

16.05.2025

Шерзат соты: Тағы бір сотталушы айыптау актісімен келіспеді

16.05.2025

Оқушылардың астан улануы: Ата-аналар сот үкіміне наразы

16.05.2025
MalimBlocks
5 сәуірден бері 1500 мопед айыптұраққа қойылды

“Пранк” жасайтындар енді қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін 

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

ІІМ самокат мінушілерге қатаң шектеу енгізуді ұсынды

Шерзат соты: Тағы бір сотталушы айыптау актісімен келіспеді

Оқушылардың астан улануы: Ата-аналар сот үкіміне наразы

Кәсіпкер 22 ата-анаға 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі көлемде материалдық шығынды өтеуге міндеттелді