Павлодарда 6 сынып оқушысы екі оқушыны пышақпен жарақаттаған

Оның заңды өкілі жауапқа тартылып, оқушы үйде оқытылатын болды

Мәди Саматұлы

  • 14.09.2024

Павлодарда 11 қыркүйекте №21 мектепте төтенше жағдай болғаны туралы қала прокуратурасына ақпарат түскен. Әлеуметтік желіде осындай мәлімет тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Дереккөзге арағанда, сол күні түскі сағат 12:30-13:30 аралығында 6 сынып оқушысы қатарлас сыныптардың екі оқушысын пышақпен жаралағаны айтылады.

Ата-аналары кешке ауруханада жиналған. Жарақаттар ауыр болмаса да орны тігілген. Балалардың айтуынша, оқиға ойнап жүріп болған. Ал пышақты көшеден, дүкен жанынан тауып алғанын айтқан.

Павлодар облысы полиция департаменті болған жайды растады. Полиция мәліметінше, Камзин көшесіндегі үйдің аулаларының бірінде денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша екі оқушы басқа кәмелетке толмаған баладан ауыр жарақат алған.

Зиян келтірген баланың заңды өкілі тәрбиелеу, құқықтарын қорғау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Оқушының мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралып, онда пышақ сұққан баланы үйде оқыту форматына ауыстыру туралы шаралар қабылданған.

Фото: liter.kz

Байланысты жаналықтар

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13.04.2025

«Денесін достары алып келген»: Маңғыстауда 11 сынып оқушысы түсініксіз жағдайда көз жұмды

13.04.2025

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

12.04.2025
MalimBlocks
"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Павлодарда 2 жасар бала 5-қабаттан құлап, комаға түсті

13 сәуірде Павлодарда 2 жастағы бала 5-қабаттан құлап, ауыр хәлде ауруханаға түсті

«Денесін достары алып келген»: Маңғыстауда 11 сынып оқушысы түсініксіз жағдайда көз жұмды

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті