Павлодарда ауызсу тарифін заңсыз көтерген кәсіпорын жауапқа тартылды

Кәсіпорын сумен жабдықтау қызметтері үшін 1 текше метрге 201,75 теңге мөлшерінде артық тарифті негізсіз белгілеген.

Malim Админ

  • 15.08.2024

«Ақтоғай СУ» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мемлекет бөлген субсидияларға қарамастан, сумен жабдықтау қызметтері үшін 1 текше метрге 201,75 теңге мөлшерінде артық тарифті негізсіз белгілеген. Бұл 17 кәсіпкерлік субъектісінің және 1381 жеке тұлғаның құқықтарына әсер етті.

Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы «Ақтоғай СУ» коммуналдық кәсіпорны мемлекет бөлген субсидияларға қарамастан, сумен жабдықтау қызметтері үшін 1 текше метрге 201,75 теңге мөлшерінде артық тарифті негізсіз белгілеген.

Сонымен қатар, кәсіпорын төлем мерзімін қысқартып, оны бұзғаны үшін өсімпұл мөлшерін 2,2 %-ға өсірген. Алайда, сумен жабдықтау қызметтерін көрсету жөніндегі үлгілік шартқа сәйкес өсімпұл мөлшері әрбір кешіктірілген күн үшін 0,1%-дан аспауы тиіс.

«Бұл мән-жайлар 17 кәсіпкерлік субъектісінің және 1381 жеке тұлғаның құқықтарына әсер етті.

Прокуратураның қадағалау актісімен кәсіпорын белгілеген тариф заңды тұлғалар үшін 190 теңгеге және жеке тұлғалар үшін 150 теңгеге дейін төмендетіліп, төлем мерзімдері сәйкестендірілді. Өсімпұл мөлшері 0,1%-ға дейін азайтылды. Кәсіпорынға 590 720 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, кәсіпорын директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады өңірлік прокуратурадан.

Фото: gov.kz 
 

Байланысты жаналықтар

Павлодарда оңалту орталығының басшысы мүгедектерден тегін қызмет үшін ақша алған

28.03.2025

Павлодар маңындағы далада құрғақ шөп өртенді

25.03.2025

Наурыз мерекесінде ауыр жарақат алған жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

22.03.2025

Тұман, көктайғақ... Жолға шыққанда абай болыңыз!

11.02.2025

Павлодарда мұғалім оқушының арқасына шеге сұғып алды

27.01.2025

Павлодарда мүмкіндігі шектеулі жандарға зәбір көрсеткен пансионат анықталды

14.01.2025
MalimBlocks
Павлодарда оңалту орталығының басшысы мүгедектерден тегін қызмет үшін ақша алған

Павлодардағы мүгедек балаларға арналған оңалту орталығында алаяқтық схемасы әшкере болды

Павлодар маңындағы далада құрғақ шөп өртенді

Павлодар маңында 44 гектар құрғақ шөп өртенді. Өртті сөндіруге он сағатқа жуық уақыт кетті

Наурыз мерекесінде ауыр жарақат алған жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

Павлодар облысының Ақсу ауданында Наурыз мерекесін тойлау кезінде аттан құлап, ауыр жарақат алған жасөспірімге дәрігерлер шұғыл операция жасады

Тұман, көктайғақ... Жолға шыққанда абай болыңыз!

Қарағанды облысының шығысындағы жолдарда көктайғақ болады

Павлодарда мұғалім оқушының арқасына шеге сұғып алды

Павлодарда мүмкіндігі шектеулі жандарға зәбір көрсеткен пансионат анықталды

Онда үнемі ұрып-соғып отырған