Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

Ал оған нағашысы ішкізген болып шықты

Мәди Саматұлы

  • 18.05.2024

Қарағанды облысында 9 жасар балаға ішімдік ішкізіп, артынан бала терезеден секіріп кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды ​​облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баланы мас күйіне жеткізген адамға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 131-бабында көзделген іс қаралған.

Іс материалдары бойынша, 2024 жылдың 5 қаңтарында сағат 23.00 шамасында азамат З., кәмелетке толмаған 2014 жылы туған П.-ның қамқоршысы бола тұра, қызының үйінде қонақта отырып алкогольдік ішімдік ішу кезінде жиені П.-ны алкогольдік масаң күйге келтірген. Алкогольді ішу салдарынан кәмелетке толмаған П., 4-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Абырой болғанда, бала үйілген қардың үстіне түскен. Жедел жәрдем келген соң бала ауруханаға жатқызылған. Бүгінде ауруханадан шыққан.

Құқық бұзушы З. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 131-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылды.

Фото: Қарағанды облыстық соты

Байланысты жаналықтар

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

06.05.2025

Шерзат Болат ісі: судья прокурорды ауыстыруға қатысты шешім қабылдады

06.05.2025

Сот отырысында Шерзат Болатқа кімнің пышақ салғанын айтты

06.05.2025

Сотта марқұм Ғайыпбаев Шерзат пен өзін кім пышақтағанын айтқан видеосы көрсетілді

05.05.2025

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

Шерзат Болаттың ісі: сотталушылардың күліп шыққан видеосына қатысты тексеріс басталды

05.05.2025
MalimBlocks
Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

Оқиға орнына қаруды кім әкелгені әлі белгісіз болып тұр

Шерзат Болат ісі: судья прокурорды ауыстыруға қатысты шешім қабылдады

Сот отырысында Шерзат Болатқа кімнің пышақ салғанын айтты

Сотта марқұм Ғайыпбаев Шерзат пен өзін кім пышақтағанын айтқан видеосы көрсетілді

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

Шерзат Болаттың ісі: сотталушылардың күліп шыққан видеосына қатысты тексеріс басталды