Референдум-2024: Бас прокуратура дауыс берудің құқық аясында өтіп жатқанын мәлімдеді

Тәртіп сақтауға 33 мыңға жуық полиция мен Ұлттық ұлан қызметкерлері жұмылдырылған

Мәди Саматұлы

  • 06.10.2024

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, референдум комиссиялары мен мемлекеттік органдар тарапынан тәртіпбұзушылық тіркелген жоқ. Бүгін, дауыс беру күні үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тыйым салынған. Сондай-ақ, сауал салу нәтижелері мен масс-медиа мен онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Бас прокуратураның Қоғамдық мүддерлерді қорғау қызметінің басқарма бастығы Бекжан Қараманов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Оның сөзінше, мұндай сауал салуды учаскелік сайлау комиссиялары дауыс беру үй-жайлдарында да жүргізуге тыйым салынған.

Осы талаптарды сақтамау Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 102 және 120-баптары бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Қазір мұндай деректер бойынша хабарлама түспеген.

Енді референдум туралы хабар жолданымдарға келетін болсақ, соттар мен прокуратура оларды бүгін дереу қарайды. Жалпы прокуратура органдарына 6-қазанға дейін 9 жолданым келіп түсті. Бұл сауал салу жүргізу, үгіт-насихат және дауыс беру мәселелеріне қатысты болды. барлығы бойынша заңды түсініктеме берілді. Референдум өткізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жалғастырамыз, деді ол.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына ауыстырылған. Басшы және командалық құрам тәулік бойы кезекшілік етіп жатыр. Ел бойынша қоғамдық тәртіпті сақтауға 33 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері жұмылдырылған. Оның ішінде 18 мыңы 10 мыңнан астам референдум учаскесінде қызмет атқару үстінде. Осыған дейін қоғамдық тәртіптің бұзылу деректері тіркелген жоқ.

Фото: facebook/ҚР Бас прокуратурасы 

Байланысты жаналықтар

АЭС Курчатов қаласында салына ма? Бектенов жауап берді

03.12.2024

БҚО-да бопсалау күдігімен студенттер тобы ұсталды (ВИДЕО)

30.11.2024

«Даму бала». 55 млн теңге жымқырған адам тергеліп жатыр

29.11.2024

Павлодарда балалар үйлеріндегі 11 қыздың зорланғаны анықталды

28.11.2024

Алматыда автобуста әйелді ұрған ер адам қамалды

26.11.2024

Ақмолада 400-ге жуық адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген

23.11.2024
MalimBlocks
АЭС Курчатов қаласында салына ма? Бектенов жауап берді

Курчатовтың ғылыми қалаға айналуына барлық негіз бар

БҚО-да бопсалау күдігімен студенттер тобы ұсталды (ВИДЕО)

Олар курстастарын бопсалады деп күдікке ілінген

«Даму бала». 55 млн теңге жымқырған адам тергеліп жатыр

Бірқатар заң бұзушылық анықталды

Павлодарда балалар үйлеріндегі 11 қыздың зорланғаны анықталды

Балаларды қолдау орталықтарындағы 105 қыз медициналық тексеруден өткен

Алматыда автобуста әйелді ұрған ер адам қамалды

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Ақмолада 400-ге жуық адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген

Қылмыстардың көпшілігі мас күйінде немесе алкоголь ішу кезінде жасалады