Шетелден елге 63 млрд теңге қайтарылып, 13 қашқын экстрадицияланды

Сондай-ақ биыл арнайы прокурорлар бірқатар резонанстық іс бойынша тергеп-тексеруді аяқтады және оларды сотқа жіберді.

  • 01.07.2024

Бас прокуратурада 2024 жылдың бірінші жарты жылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Нәтижелері:

Еңбек қатынастары саласында 87 мың адамның құқығы қалпына келтірілді, 3 мың қызметкердің алдында 202 млн теңгеге жалақы бойынша берешек өндіріп алынды.

350 инвесторға көмек көрсетілді. Олардың экономикаға қосқан үлесі 6,4 трлн теңгені құрады. «Прокурорлық сүзгі» арқылы мемлекеттік органдардың 2300 материалы өтті.

Бүгінгі таңда 44 мың кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді. Оларға қатысты мемлекеттік органдардың алты мыңнан астам тыйым салу және шектеу шаралары жойылды (олардың басым көпшілігі мемлекеттік кірістер желісі бойынша – 6050).

Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 2,5 млн адамның құқықтары қалпына келтірілді. Бюджетке 41 млрд теңге көлемінде келтірілген залал өтелді. 167 қылмыстық іс қозғалды, 75 адам сотталды.

Активтерді қайтару бойынша мемлекетке 312 млрд теңге, оның ішінде шетелден – 63 млрд теңге қайтарылды. 50 млрд теңгеге 513 мың гектар олигополия жері тәркіленді.

800-ден астам азаматты қылмыстық ортаға негізсіз тартудың жолы кесілді.

Прокурорлардың наразылықтары мен өтініштері бойынша 34 сотталушының жағдайы жақсарды, 2 адам ақталды.

708 заңсыз ұсталған адам босатылды.

Жалпы, 8%-ке қылмыс төмендеді (61 422-ден 56 369-ға дейін).

Сондай-ақ биыл арнайы прокурорлар бірқатар резонанстық іс бойынша тергеп-тексеруді аяқтады және оларды сотқа жіберді.

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Биыл Кипрмен сотталғандарды беру туралы және Қатармен құқықтық көмек көрсету және ұстап беру туралы халықаралық шарттарға қол қойылды. Олар Парламентте ратификациялануда. Басқа елдерден шетелде жасырынған 13 іздеуде жүрген адам экстрадицияланды, - деп хабарлады Бас прокуратура.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі