Шымкентте бюджеттің 700 млн теңгесін жымқырған шенеунік сотталды

Ол құрылыс материалдарының құнын көтеріп көрсеткен

Мәди Саматұлы

  • 06.01.2025

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыруға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу амалдарын аяқтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Агенттік мәлімдеуінше, Шымкент қаласының әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, ЖШС директорымен және құрылтайшысымен алдын ала сөз байласу арқылы бюджет қаражатын жымқыру әрекетіне барған.

Күдіктілер қоқыс жәшіктері, шағын әңгіме-дүкен орындары, әткеншектер, ойын және жаттығу алаңдарын қоса, тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін, материалдардың құнын көтеріп сметалық құжаттар жасаған. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде 700 млн теңгеге жуық мемлекеттік мүлік талан-таражға түскен, деп жазылған Агенттік мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, ЖШС директоры мен құрылтайшысы декларацияларға жалған мәліметтер енгізу арқылы салық төлеуден жалтарған.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 194 млн теңгеден астам салық берешегі толық өтелген.

Сот үкімімен үш айыпталушы кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. Үкім заңды күшіне әлі енбеді.

Фото: halyq-uni.kz

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

13.04.2025

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

12.04.2025

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

12.04.2025

Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот жазға қалдырылды

12.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

Жезқазғанда ақшалай сыйақы үшін есірткіні жарнамалаған ер адам ұсталды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада жолаушы қыздарға тиіскен такси жүргізушісі 15 тәулікке қамалды

Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот жазға қалдырылды

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлуна қатысты сот процестері биылғы жазға шегерілді